

Қызылордалық қызметкерлердің Ақтөбе облысындағы
атқарған эвакуациялау-құтқару жұмыстары
4.04.2024.
2024 жылғы 4 сәуірде Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданындағы Әйке, Тереңсай елді мекендерінде Әйке көліне, яғни Ресей мемлекетімен шекералас орналасқан көлге қайықты пайдалана отырып, мониторинг жұмыстары жүргізілді. Сол күні таңғы сағат 7-ден 45 минут өткеннен бастап қайықпен 165 адам, «Камаз вахтовка» автокөлігімен 62 адам қауіпсіз орынға тасымалданды. Топ жетекшісі: Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Бейбітхан Спанов.
Қызылорда облысы ТЖД