Өңір полициясы басшылығының бастамасымен облыстық департамент қабырғасында құқық қорғау органдарының, мәслихат депутаттарының, облыстық білім басқармасы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Өңір полициясы мен Жетісу облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін ірі есірткі лабораториясын жою бойынша бірлескен арнайы операция жүргізді.
Жетісу облысының 21 кәсіпорнының өкілдері өндірісте дуальды оқытуды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты екі күндік семинарға қатысты. Іс-шараға 46 маман тартылды.
Антикор басшысы Жетісу өңірінің полицейлерімен кездесті. Кездесу барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Саян Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бағыттары туралы айтты.