

Бүгін, 6 маусымда Панфилов ауданында соңғы екі күнде хабар-ошарсыз жоғалып кеткен жасөспірім қыздың мәйіті табылды.
Кәмелетке толмаған қыздың мәйіті Әулие ағаш ауылынан 2-3 шақырым жерде Бұрақожыр өзенінің арнасынан, криминалдық сипаттағы өлімнің анық белгілерінсіз табылды. Полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, бұл өлімінің барлық мән-жайын мұқият тексереді.
Естеріңізге сала кетейік, 4 маусым күні Әулиеағаш ауылының 15 жастағы тұрғыны үйінен шығып кетіп, хабар-ошарсыз жоғалған болатын. Жасөспірімнің ата-анасы полицияға тиісті өтінішпен жүгінді. Оқушы қызды іздеуге Панфилов аудандық полициясының жеке құрамы қатысты. Сондай-ақ, іздестіру іс-шараларына облыстық департаменттің қызметкерлері, әскери қызметшілер, жергілікті тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, мектеп оқытушылары мен еріктілер (200-ден астам адам) қосылды. Іздеуде жүрген жасөспірім қыз туралы ақпарат жақын маңдағы полиция бөлімшелеріне жіберілді, БАҚ пен әлеуметтік желілерде орналастырылды.
Облыстық полиция марқұмның туған-туыстарына орын толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.