Тіс емінен кейінгі асқыну: гаймор қуысынан бөгде зат алынды

Жетісу облысының тауларында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен алматытылық тик-токер іздестірілуде

08 Jun 2023, 06:27
1 mins read
1171
Жетісу облысының тауларында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен алматытылық тик-токер іздестірілуде
ДП области Жетісу

36 жастағы алматылық Дамир Кушеев Текелі қаласының маңындағы тауларда хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Ол 7 маусымда Қора шатқалындағы Бұрқан бұлақ сарқырамасына спорт велосипедімен барған және бөгеттің жанында тұрып соңғы эфирге шыққан, жергілікті сол жердің қорықшысы шәй беріп, дәм ауыз тигізген.

 

Байланыс үзілгеннен кейін Кушеевтің жұбайы оны табуға көмектесу туралы Төтенше жағдайлар департаментіне өтініш білдірген. Арызды Ескелді ауданының полицейлері де тіркеп, жедел іздестіру іс-шараларына кірісті. Қазір таулы аймақта полицейлер мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ кинологтар іздестіру иттерімен ер адамды іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

 

Дамир Кушеев – Алматы қаласының тұрғыны, ол түрлі көрікті жерлерге велосипедпен баруды ұнатады. Тик-ток желісінде өзінің жеке парақшасы бар, онда ол өзінің бейнежазбаларын орналастырады. Ескелді ауданындағы туыстарында қонақта болған.

 

Жоғалып кеткен ер адамның орналасқан жері туралы ақпараты бар кез келген адамға келесі телефондар арқылы хабарлауды сұраймыз: 8 747 558 1508, 8 708 252 2008, 102 немесе 112.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
03 September
02 September