Теперь можно проверить компании на наличие признаков финпирамиды через Telegram

Жаркент қаласында ер адам «Audi» автокөлігі дөңгелектерінің астына түсіп, қаза тапты

13 Jun 2023, 12:33
1 mins read
1442
Жаркент қаласында ер адам «Audi» автокөлігі дөңгелектерінің астына түсіп, қаза тапты
ДП области Жетісу

Жол апаты 13 маусым күні таңертең Головацкий-Бусаков көшелерінің қиылысында орын алды. 48 жастағы жергілікті тұрғын «Audi-100» автокөлігі дөңгелектерінің астына түсіп, қайтыс болды. Жаяу жүргіншінің өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.

Шетел көлігін 21 жастағы жігіт басқарған. Автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылды. 

Полиция азаматтарды жолдан өту кезінде өте сақ және мұқият болуға шақырады. Жыл басынан бері облыстың автожолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 59 ЖКО тіркелді, онда 11 адам қаза тауып, 49 адам жарақат алды.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
05 September
04 September
03 September