Какую зарплату получают депутаты Курултая

Алматыда ұрланған мылтық Жетісу облысындағы Жаркент қаласының маңынан табылды

15 Jun 2023, 13:57
1 mins read
1148
Алматыда ұрланған мылтық Жетісу облысындағы Жаркент қаласының маңынан табылды
ДП области Жетісу

Атыс қаруы сақталған тықпа орын 14 маусымда «Жаркент-Көктал» тас жолындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен табылды. Итальяндық «Benelli Armi» сыңар ауыз мылтық 2022 жылғы қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы қаласының аңшылық дүкендерінің бірінде ұрланған.

 

Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлімінде (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Жыл басынан бері облыс аумағында бұрын ұрланған 14 қару, 1200 оқ-дәрі және 4 граната табылды.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

13 September
12 September
11 September
10 September