Казахстан не допустили к участию в «Евровидении-2027»

Талдықорған маңында жол-көлік апатынан екі адам қаза тауып, біреуі жарақаттанды

19 Jun 2023, 12:38
1 mins read
1414
Талдықорған маңында жол-көлік апатынан екі адам қаза тауып, біреуі жарақаттанды
ДП области Жетісу

«Талдықорған-Үштөбе» айналма жолында «Mitsubishi Pajero» автокөлігі «КАМАЗ» жүк көлігімен соқтығысты. «Mitsubishi Pajero» автокөлігін 32 жастағы ер адам басқарған, ол жолаушысымен бірге оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, 34 жастағы әйел түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жатқызылды.

 

Көлік апаты бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Полиция автокөлік жүргізушілерін ҚР Жол ережелерін мүлтіксіз сақтауға және автожолдарда қырағылық танытып, сақ болуға шақырады.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

10 September
09 September