Доставку продуктов и лекарств с помощью дрона запустят в Алматы

Текелі қаласындағы құрылыс объектіде еңбек мигранттарының үлкен тобы ұсталды

22 Jun 2023, 12:46
1 mins read
1009
Текелі қаласындағы құрылыс объектіде еңбек мигранттарының үлкен тобы ұсталды
ДП области Жетісу

Текелі қаласының құрылыс объектілердің бірінде жүргізілген рейд барысында көрші мемлекеттің 15 азаматынан тұратын топ ұсталды. Шетелдіктердің ешқайсысы еңбек қызметін жүзеге асыруға қандай да бір рұқсат құжатты көрсете  алмады. Осыған байланысты әрбір ұсталғанға қатысты жинақталған материалдар соттың қарауына жіберілді, тиісінше сот тәртіп бұзушыларға жаза қолдану немесе елден шығару туралы шешім қабылдауы керек. Оларды жұмысқа қабылдаған  37 жастағы азаматқа үлкен ақшалай айыппұл салынды.

 

«Сот шешімімен көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 7 шетел азаматы елден шығарылды. Сондай-ақ, жеке басын анықтау мен растауға қатысты құжаттарының жоқ болуына және тағы да басқа мәселелерге байланысты 47 шетелдік азамат қабылдау-бөлу пунктіне орналастырылды. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың біріне заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдік бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ерлан Райымбеков.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
05 September
04 September
03 September