Астанчане массово пересели на LRT: за две недели — более миллиона поездок

Түркістан: МӘМС арқылы күрделі ота жасалды

10 Jul 2023, 18:10
1 mins read
1395
Түркістан: МӘМС арқылы күрделі ота жасалды
МӘМС

Түркістан қаласында «Cardio-Turkestan» клиникасына 1964 жылғы науқас жүрек тұсының ашытып, күйдіріп ауырсынуы, ауырсыну тиісті дәрі-дәрмекті қолданған соң ғана басылатынына және жалпы әлсіздік бойынша шағымданған болатын.

Науқасты бұл ауру соңғы 6 айдан бері мазалап келген. Орталықта дәрігердің тексерулерінен кейін, науқасқа жүректің ишемиялық ауруы диагнозы қойылып, коронаргорафия жасау ұсынылды. Науқас амбулаторлы тексерулерден өтіп болған соң, жоспарлы түрде кардиохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Коронаргафияда науқас жүрегінің 3 тамыры бітеліп тұрғаны анықталды. Мұндай жағдайда науқасқа аортокоронарлы шунттау отасы жасалады. Науқасқа 5 сағатқа созылған ота барысында жүректегі 3 тамыр тігілді. Отадан кейін науқастың жағдайы жақсарып, отбасымен қауышты.

Аталмыш оталар Түркістан қаласында МӘМС және ТМККК пакеттері шеңберінде жасалады.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

13 September
12 September
11 September
10 September