

Тексеру кезінде ұсталғандардың аймақтағы тағы бірнеше мал ұрлығына қатысы бар екені анықталды.«Күдіктілер «ізін суытпай» ұсталды. Қазір оларға біздің ауданда орын алған мал ұрлығының 4 фактісі айыпталуда. Тексеру жұмыстары әлі де жалғасуда. Бұрын ұрланған малды олар етке сойып, сатып жібергені анықталды. Екеуіне де «Қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды, – деді Ақсу аудандық полициясының бастығы Ернар Ширбаев.