Конкурсы

Тәртіптік пен заңдылықты сақтау басты назарда!

30 Jul 2023, 20:28
1 mins read
1170
Тәртіптік пен заңдылықты сақтау басты назарда!
ДЧС Кызылординской области

Тәртіптік пен заңдылықты сақтау басты назарда!

Қызылорда облысы ТЖД Кадр саясаты басқармасының бастығы Қанат Шарафадинов Қармақшы ауданында іссапарда болды. Ол аудандағы азаматтық қорғау органдарының жеке құрамына “2023 жылдың І-жартыжылдығындағы тәртіп пен заңдылықтардың сақталуы бойынша шолуды таныстырды. Сонымен бірге қызметкерлерге  ұжымның жеткен жетістіктерін де мәлім етті. Ол аудандық бөлімдегі қызметкерлердің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарын абыроймен атқарып, жетістіктерге ие болатындығына зор сенім білдірді.

Оған қоса кезекшіліктен тыс  қызметкерлердің күнделікті көлік жүргізу барысында жол жүру ережесін бұзбауы, қоғамда ішімдік ішпеуі, басқа да зиянды әдеттерге бой алдырмауы қажеттігін түсіндірді.

Жиналыс соңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тәртіпті нығайту мақсатында тапсырма берілді.

Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
14 September