

Әжені аман-есен құдықтан шығарды
2023 жылдың 25 шілдесінде сағат 07-ден 03 минут өткен шамасында Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі Счастнов көшесі N22 тұрғын үйдің ауласында әйел адам құдық ішінен шыға алмай жатқаны жөнінде хабарлама түсті. Оқиғаны хабарлаған адамның айтуынша құдықтың тереңдігі 4-5 метр, әйел адам тірі, аяғы сынған. Хабар түсісімен оқиға орнына 4 қызметкер 1 техникасымен шықты. Оқиға орнына барғанда мамандардың анықтағаны: ауладағы құдыққа су айдайтын насосы түсіп кеткен екен. Сол себепті 1947 жылы туған азаматша сол насосты құдықтан шығару үшін саты арқылы кұдықтың ішіне түскен. Бірақ азаматша құдықтан шыға алмаған. Сағат 07-ден 26 минут өткенде Қазалы ауданы азаматтық қорғау органының қызметкерлері Маньшина Людимила Васильевнаны өрт сөндіру сатысымен және құтқару арқанымен құдықтан шығарды. Азаматшаның жағдайы бірқалыпты.
Қызылорда облысы ТЖД
Қазалы ауданы ТЖБ