

ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ – АДАМ ӨМІРІНІҢ КЕПІЛІ
Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және «Қызылорда газ тарату жүйесі» кәсіпорны мекемесінің қызметкерлері өрттің алдын алу мақсатында кенттегі тұрғын үйлерді жəне әлеуметтік нысандарды аралады. Олар тұрғындарға жылыту пештері мен мұржалардың уақытылы тазартылуы қажеттігін ескертті, газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі