Более 60 тысяч алматинцев живут в «просроченных» домах

Құтқарушылар Франция азаматтарының көлігін балшықтан шығарды

02 Aug 2023, 19:56
1 mins read
1717
Құтқарушылар Франция азаматтарының көлігін балшықтан шығарды
Қызылорда облысы ТЖД

Құтқарушылар Франция азаматтарының көлігін балшықтан шығарды

2023 жылдың 2 тамызында сағат  20-дан 12 минут өткен шамасында Арал ауданының Қамыстыбас елді мекенінің тұсында Франция мемлекетінің азаматтарының жеке автокөлігі балшыққа батып қалғаны жөнінде хабарлама түсті. Оқиға орнына Жедел құтқару жасағы жетіп төмендегі жағдайды анықтады.  Арал ауданының Қамыстыбас елді мекенінің тұсында елді мекеннен 2 шақырым жерде Франция мемлекетінің азаматы 1993 ж.т. Деланнуа Андриен Бруно Ксавье және 1992 ж.т. Виллиант Матильда Кекли өздерінің жеке меншік мемлекеттік нөмірі СВ 240 ҒА «IVECO» маркалы микро автобусымен туристік мақсатпен ел аралап жүріп, балшыққа батып қалған. Құтқарушылар шет ел азаматтарына жәрдемдесіп, автокөлігін балшықтан шығарып берді. Жолаушылар аман-есен, медициналық көмекті қажет етпеді. Сонымен бірге құтқарушылар оларды аман-есен жолға салып жіберді. Олар құтқарушыларға алғыс білдірді.

Қызылорда облысы ТЖД

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
07 September