Казахстан намерен увеличить экспорт нефти в обход России

Өңірдің бас құтқарушысы  полиция қызметкерлеріне марапаттарын тапсырды

03 Aug 2023, 13:45
1 mins read
1858
Өңірдің бас құтқарушысы  полиция қызметкерлеріне марапаттарын тапсырды
Қызылорда облысы ТЖД Баспасөз қызметі

Өңірдің бас құтқарушысы  полиция қызметкерлеріне марапаттарын тапсырды

 

Бүгін Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Руслан Қайрақбаев қос полиция қызметкеріне марапаттарын тапсырды. Олар - бейбіт күннің батырлары: Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция батальонының саптық бөлімшесі қызметінің аға инспекторы полиция капитаны Айбек Едігеев пен Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция батальонының саптық бөлімшесі қызметінің инспекторы  полиция аға лейтенанты Мұрат Қазбеков.

Олар 2023 жылдың 20 сәуірінде  Абай даңғылы №32 бес қабатты тұрғын үйде өрт оқиғасы кезінде 2 жасөспірімді 2-қабаттағы №86 пәтерден сыртқа аман-есен шығарған. Олар өз өмірлеріне де қауіп төніп тұрғанына қарамастан, жанып жатқан пәтер ішінен  дер кезінде 2 баланы қауіпсіз жерге шығарды.

Сол ерліктері үшін полиция қызметкерлері 2023 жылдың 25 шілдеде ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор С. Шәріпхановтың алғыс хатымен марапатталған болатын. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев бейбіт күннің батырларына зор денсаулық пен қызметте абырой тіледі.

 

Қызылорда облысы ТЖД

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
10 September
09 September