

Жергілікті колледжде оқитын жас жігіт «Тосқауыл» операциясы барысында ұсталды. Жас жігіт көршісінің «ВАЗ-2107» автокөлігін айдап кеткен, ол онымен араласпаған және ешқандай қарым-қатынаста болмаған. Қаладан шыққан кезде автокөлікті айдап кеткен жігітті патрульдік полиция қызметкерлері ұстады.
Ұсталған адам көлікті тек қыдырып келу үшін айдап әкеткенін ақталып айтты. Автокөлікті айдап кетудің барлық мән-жайы анықталуда. Іс жүзінде ҚР ҚК-нің 200-бабында көзделген тергеу амалдары басталды. Күдіктіге тергеу уақытына «Ешқайда кетпеу туралы» бұлтартпау шарасы таңдалды. Автокөлік заңды иесіне қайтарылды.
Жыл басынан бері облыста автокөлікті рұқсатсыз айдап кетудің 20 фактісі тіркелді. Полицейлердің күшімен 17 автокөлік ұрылары ұсталып, жауапқа тартылды.