Новости

Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында брифинг өткізілді

08 Aug 2023, 11:46
3 mins read
1359
Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында брифинг өткізілді
Қызылорда облысы ТЖД

Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында брифинг өткізілді

 

 

2023 жылдың 7 тамызында Өңірлік коммуникациялар қызметінде оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында брифинг өткізілді.

Брифингтің тақырыбы: «Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары,  терезеден балалардың құлауын болдырмау, апта ішінде орын алған оқыс оқиғалар».

Спикерлер:

Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығының міндетін атқарушы капитан Жандос Жүгінісов,

Қызылорда облысы ТЖД Дағдарыс жағдайында басқару басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Әлімжан Марданов,

Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бейбітхан Спанов.

Ж. Жүгінісов: «Жыл басынан облыс аумағындағы су айдындарында 26 адам қаза болды. Негізгі себеп: қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу.

Облысымыздың су айдындарында, демалатын орындарда 517 рейд өткізілді. 36 мыңнан астам адамға судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  115 740 оқушыға «Судағы қауіпсіздік ережелері», «Суда зардап шегушілерді құтқару, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері» тақырыптарында 212 интерактивтік сабақ өткізілді, оған 208 мектептің басшылары мен мұғалімдері қатысты. 63 қауіпті аймаққа 310 ескерту тақтайшасы, 68 билборд орнатылды.

Полиция департаментімен бірлесіп, суға шомылу маусымы кезеңінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы Кодексінің 364-бабы бойынша 93 адамға ескерту шарасы көрілсе, осы Кодекстің 412-бабы бойынша – 1 адамға айыппұл салынды, 440-бабы бойынша – 2625 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп өткізілген профилактикалық жұмыс нәтижесінде 199 заңсыз балық аулау дерегі тіркеліп, 2 млн. 115 мың 100 теңге айыппұл салынды».

Ә. Марданов: «Аптада  9 техногенді және 3 табиғи сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. Қызылорда облысы ТЖД аумақтық бөлімшелері 59 рет түрлі шақыртуға шықты. Бөлімшелердің шығуынсыз 2 ақпарат түсті. 9 өртке, 26 өртке жатпайтын жану оқиғасына, 11 авариялық-құтқару жұмыстарына, 13 басқа да шығыстарға шығып,  қызметтік міндеттерін атқарды. Қызметтік міндеттерін атқару барысында 11 адамды құтқарды. Аптада 15 адам зардап шекті. Атап айтқанда: «Конго-Қырым геморрагиялық қызба, болжамды жағдай» диагнозымен 2 адам ауруханаға жатқызылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан - 10, терезеден құлау бойынша – 2, басқа да жағдайға орай – 1 адам зардап шекті. Апта көлемінде 6 ауа райы болжамы - дауылды ескерту тіркелді.»  

Б. Спанов: «Жыл басынан облыста ата-анасының қарауынсыз қалуы салдарынан 10 бала терезеден кұлап кеткен. (Жаңақорған ауданында -1, Қызылорда қаласында - 9). Соның салдарынан 2-6 жас аралығындағы 9 бала зардап шегіп,   1 бала қаза болды.

Балалардың терезеден құлау фактісінің басты себебі: ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруынан, терезеде уақытша бекіткіш тордың болмауынан, москит торларының берік бекітілмеуінен, балалардың терезе алдында ойнауынан болып отыр.

Құрметті ата-ана! Егер, үйде кішкентай бала болса, онда терезені ашық қалдырмаңыз! Сонымен қатар баланың терезе алдына шықпауы үшін терезенің жанына жиһаз қоймаңыз. Балаларға қауіпсіздікті сақтауды түсіндіріңіз. Ересек балаларды кіші балаларға қамқор болуға үйретіңіз. Сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында терезелерге блокираторды  орнатыңыз».

Брифингтің соңында спикерлер журналистердің сұрақтарына да жауап берді.

 

Қызылорда облысы ТЖД

 

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
07 September