На что чаще всего жалуются казахстанские потребители

Талдықорған маңындағы тас жолда жүк көлігі жаяу жүргінші қағып өлтірді

09 Aug 2023, 14:17
1 mins read
1009
Талдықорған маңындағы тас жолда жүк көлігі жаяу жүргінші қағып өлтірді
ДП области Жетісу

Аталған факті 8 тамызда Талдықорған маңында «Алматы-Өскемен» тас жолының 272-шақырымында «MAN» автокөлігінің қатысуымен тіркелді. 61 жастағы облыс орталығының тұрғыны жүк көлігінің дөңгелектерінің астына түсіп, ауруханаға жеткізу кезінде алған жарақаттардан көз жұмды.

 

Жаяу жүргінші жол жиегіндегі жүк көлігінің артында тұрған, жүргізуші оны байқамай, көлікті артқа берген кезде қағып кеткендігі белгілі болды. Оқиғаның мән-жайын Талдықорған полициясы анықтап жатыр.

 

Полиция азаматтарға жол бойында  жауапкершілікті күшейтуді талап етеді. Жолда өте мұқият болыңыз, жол қателікті кешірмейді.

 

Осы жылы облыстың автожолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 52 жол-көлік апаты тіркелді, онда 17 адам қаза болып, 69 адам түрлі жарақат алды.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
06 September
05 September
04 September