Водителя экс-замглавы ДП судят после смертельного ДТП на Аль-Фараби

Талдықорғанда қаратал өзенінің жағасында қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған қап табылды

11 Aug 2023, 12:34
1 mins read
1577
Талдықорғанда қаратал өзенінің жағасында қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған қап табылды
ДП области Жетісу

Қару-жарақ сақталған жасырын орын облыстық Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырған арнайы іс-шаралар барысында анықталды. Кенеп қапта 2022 жылы қаңтардағы оқиғалар кезінде ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер мен арнайы құралдар болды.

 

«5,6 мм калибрлі Марголин тапаншасы, сыңар ауызды шолақ мылтық, әртүрлі калибрлі 60 патрон, оқ өтпейтін кеудеше және рация тәркіленді. Бұл қару-жарақ пен арнайы құралдар ұрланған деп саналады», – деді Жетісу облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Болат Болысбеков.

 

Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындай отырылып, тергеу амалдары басталды.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
14 September
13 September
12 September