В АЗРК прокомментировали возможную приватизацию двух нефтеперерабатывающих заводов

Талдықорған маңында иесіз қалған үй құрылысында қару-жарақ сақталған тағы да бір жасырын орын табылды

16 Aug 2023, 13:25
1 mins read
1480
Талдықорған маңында иесіз қалған үй құрылысында қару-жарақ сақталған тағы да бір жасырын орын табылды
ДП области Жетісу

Жетісу полицейлері ұйымдастырған арнайы іс-шаралар барысында атыс қаруы сақталған жасырын орын табылды. Жасырын орын Талдықорғанның шетіндегі қараусыз қалған үй құрылысында орналасқан.

 

«Сол жерде «Vernery Carron» қос ауыз мылтық және «Сайга-12» маркалы мылтық тәркіленді. Екеуі де 12 калибрлі. Арнайы мәліметтер базасын тексере келе, табылған атыс қаруы 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласының аңшылық дүкендердің бірінде ұрланған деп танылды», – деді Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

09 September
08 September