Новый Социальный кодекс вступает в силу с 1 июля

Жетісу облысында заңсыз иеленген жүк көлігімен жол апатына ұшырап, оқиға орнынан жасырынған күдікті ұсталды

17 Aug 2023, 13:44
1 mins read
1461
Жетісу облысында заңсыз иеленген жүк көлігімен жол апатына ұшырап, оқиға орнынан жасырынған күдікті ұсталды
ДП области Жетісу

Алакөл ауданының полицейлері заңсыз иеленген жүк көлігімен жол апатына ұшырап, одан кейін оқиға орнынан жасырынған 29 жастағы талдықорғандықты ұстады.

 

16 тамызда «Алматы-Өскемен» тас жолының 585 шақырымында Toyota Carina және Shacman автокөліктерінің қатысуымен жол апаты болды. Оқиға орнына барған кезде әртүрлі жарақаттарымен жеңіл автокөліктің жүргізушісі жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Ал жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

 

Жедел-іздестіру шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері «Shacman» жүк көлігін тауып, оның жүргізушісін ұстай алды. Белгілі болғандай, ер адам бір сағат бұрын жүк көлігін заңсыз айдап кетіп, жол-көлік оқиғасының себепкері болған.

 

«Күдікті адам Shacman жүк көлігін республикалық трассаны қайта жасау мен жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын жол-жөндеу ұйымынан айдап кеткен. Ұсталған облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны жүк көлігін заңсыз айдап кеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке (ҚР ҚК 200-бабы) және жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке ( ҚР ӘҚБТК 610-бабы 2-бабы және 611-бабы 2-бөлігі) тартылады», – деп хабарлады Алакөл аудандық полициясы.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
05 September
04 September
03 September