

42 жастағы әйел шетелдік көлік дөңгелегіне ілініп, жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Патрульдік полицейлер жүргізушіні анықтай алды, ол Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылының 35 жастағы тұрғыны болып шықты.Осы факті бойынша тергеу амалдары басталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.Құрметті жол қозғалысына қатысушылар, Жетісу өңірінің полициясы кезекті рет барлығыңызды Қазақстан Республикасының жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Естеріңізге сала кетейік, жол қауіпсіздігіне немқұрайлы қараудың өзі ауыр зардаптарға, адамдардың жарақаты мен қайғылы оқиғаға әкеледі.