

Бірінші жағдайда, патрульдік полиция қызметкерлері аудан орталығы Үшарал қаласында мотоциклді масаң күйде жүргізген Ақжар ауылының 43 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адам бірнеше жыл бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Сол күні Ескелді ауданында алкогольдік мас күйінде Volkswagen Vento автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Шетелдік көлікті бұрын осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін жүргізу құқығынан айырылған 33 жастағы Бөктерлі ауылының тұрғыны басқарған.Құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін ауыл тұрғындары ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) қылмыстық жазаға тартылады.Ұсталған адамдар қамауға алынды.