

Ақсу ауданындағы Қапал ауылының 52 жастағы тұрғынының жеке учаскесінен 29 бұта марихуана түп-тамырымен жұлынды. Сондай-ақ, Панфилов ауданының 50 жастағы тұрғыны ұсталды, Жаркент қаласында тұрғылықты жері бойынша жалпы салмағы 32 кг-нан асатын құрамында есірткі заттары бар өсімдіктің 10 бұтасы табылды. Екі факті бойынша да сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жыл басынан бері өңірде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 20-ға жуық фактісі анықталды. Сонымен қатар, полицияның күшімен 16 есірткі сатушының қылмыстық әрекеті тоқтатылды. Заңсыз айналымнан 200 кг астам түрлі есірткі тәркіленді.