

Полицейлер мен туыстары 8 қыркүйектен бастап іздеп жүрген кәмелетке толмаған Кенжебек Мұқан Алматы қаласында табылды. Полиция жасөспірімді үйге жеткізіп, ата-анасына тапсырды. Баланың анасы полиция қызметкерлеріне оны іздестіруге жәрдемдесіп, өз үйіне аман-есен оралғаны үшін алғысын білдірді.Хабар-ошарсыз кеткен тағы екі жасөспірім – Ақерке Жолдасова мен Әмір Тергеуовке қатысты іздеу шаралары әлі де жалғасуда. Кәмелетке толмағандарды іздестіруді облыстық Полиция департаменті мен Қаратал аудандық полициясының жедел қызметкерлері жүргізуде.