

2023 жылғы 14 қыркүйекте Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Б. Әбдіқадыровтың, Ресей Федерациясы ТЖМ №70 Арнайы басқармасының бастығы полковник В. Воронаның қатысуымен ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған «Зымыран-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу барысы пысықталды. Аталмыш оқу-жаттығудың практикалық кезеңін өткізетін орынды белгілеу мақсатында Байқоңыр кешеніндегі «Бәйтерек БК» АҚ филиалының басшыларымен де кездесу өткізілді. Кездесу барысында проблемалық мәселелер талқыланып, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Қызылорда облысы ТЖД
Төтенше жағдайларды жою басқармасы