News

Қызылорда облысының Төтенше  жағдайлар департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

05 Oct 2023, 06:29
1 mins read
2860
Қызылорда облысының Төтенше  жағдайлар департаменті бастығының орынбасары тағайындалды
Қызылорда облысы ТЖД

Қызылорда облысының Төтенше  жағдайлар департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен  Қызылорда облысының Төтенше  жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымына (кадр, тәрбие, идеология бағыты бойынша) азаматтық қорғау подполковнигі Түйменов Жасұлан Қалдыбайұлы тағайындалды.

Жасұлан Қалдыбайұлы 1988 жылы Жаңақорған кентінде дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтының түлегі.

Әр жылдары Алматы қаласы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының өртке қарсы нормалау бөлімінің аға инженері, өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу қызметі басқармасының техникалық нормалау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2017-2020 жылдар аралығында Жалағаш ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, 2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Қызылорда облысының

Төтенше жағдайлар департаменті

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
08 October
07 October