

Орман-дала өртін болдырмау мақсатында оқу-жаттығулар өткізілді
Қай кезде де өрттен сақтану, оның алдын алу, оған тосқауыл болу – аса маңызды. Өрт қауіпсіздігін сақтау – адам өмірі мен қоғам мүлкін қасіреттен сақтау болып есептеледі. Сонымен бірге өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарын орындау әрбір азаматтың парызы. Ал, орман-дала өртінен сақтану қоғам болып күресетін күрделі жұмыс.
2023 жылдың 3-қазанында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қармақшы ауданы төтенше жағдайлар бөлімі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойындағы Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің тұқымбағында өрт-тактикалық оқу-жаттығуды ұйымдастырды. Аталмыш оқу-жаттығуға «Аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі», №10 өрт сөндіру бөлімі, полиция бөлімі, жедел жәрдем, Иіркөл ауылдық округінің әкімшілігі, Ерікті өрт сөндіру жасағы қатысты.
Оқу-жаттығудың мақсаты - орман-дала өртінің алдын алу, мекеменің өрт сөндіруші қызметкерлеріне өртті сөндірудің тиімді әдіс-тәсілін үйрету, өрт кезіндегі атқаруы қажетті іс-қимылды пысықтау. Оқу-жаттығу барысында оған қатысқан күш-құралдардың әзірлігі, өзара бірлесе әрекет ету тәртібі тексеріліп, баға берілді.
Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, №9 өрт сөндіру бөлімі, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы мекемесі далалық жерде өрт пайда болған кезде ерікті өрт сөндіру жасақтарының және мекеме ұйымдардың дайындығын тексеру мақсатында Қазалы ауданының орталығы мен «Қарлан» автожолының аралығындағы «Қарақұм» орманшылығында өрт-тактикалық оқу-жаттығуды өткізді.
Оқу-жаттығудың өткізілуін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып көріп, өрт оқиғасы орын алған кезде оны жоюға жұмылдырылатын азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдардың әзірлігін тексерді.
Оқу-жаттығудың құрамына Қазалы ауданының шұғыл ден қою жиынтық жасағынан 99 адам 15 арнайы техникасымен жұмылдырылды.
Қызылорда облысы ТЖД