Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды цифрландыру: Qalqan ашықтықтың жаңа стандарттарын қалыптастырады

Өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері  біліктіліктерін арттырды

06 Oct 2023, 11:41
1 mins read
882
Өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері  біліктіліктерін арттырды
Қызылорда облысының ТЖД

Өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері  біліктіліктерін арттырды

2023 жылғы 5 қазанда аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің басшылары мен радиотелефонисттері және оларды ауыстырушы тұлғалар Қызылорда облысы әкімі аппаратының  Жедел әрекет ету орталығында «Көмек-112» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі тақырыбындағы қысқа мерзімді курстың дәрістерін тыңдап, біліктіліктерін арттырды. Дабыл бойынша шығыстарға шақыртулар   «112» құтқару қызметінен тікелей бөлімдерге жолданады.  «112» жүйесі еліміз бойынша жұмыс атқаратын бірыңғай құтқару қызметі.  «112» нөміріне кез-келген ұялы телефонмен хабарласуға болады.  Еске сала кетейік, қоңырау шалу арқылы  өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кез-келген адамға  шұғыл көмек көрсетуді қамтамасыз етуге, жазатайым оқиғалар, авариялар, өрт, қоғамдық тәртіпті бұзу және басқа да оқиғалар мен төтенше жағдайлар кезінде материалдық залалды азайту мақсатында барлық арнайы қызметті бір уақытта жедел  жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

08 October
07 October