

Арал ауданында жылыту маусымына орай профилактикалық жұмыстар жүргізілуде
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан орталығында орналасқан Абай көшесінің бойында Led экран арқылы аудан тұрғындары мен қонақтарына жылыту маусымына орай, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы және оның алдын алу жайында бейнероликтерді тұрақты көрсетуде.
2023 жылдың 5 қазанында Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, Арал ауданының әкімдігінің қызметкерлері, “Жастар рухы” волонтёрлері аудан орталығында орналасқан тұрғын үй секторларын аралап, тұрғындарға өрт және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік ережесі талаптарын, сақтық шараларын түсіндіріп, арнайы үнпарақтарды таратты.
Қызылорда облысы ТЖД