Более 160 млн тенге похищено при строительстве инженерных сетей в Кокшетау

Тұрғын үйлер мен объектілерді газдандыру үшін техникалық шарттарды енді eGov.kz-тен алуға болады

11 Oct 2023, 07:49
2 mins read
1759
Тұрғын үйлер мен объектілерді газдандыру үшін техникалық шарттарды енді eGov.kz-тен алуға болады
Департамент по связям с общественностью АО "КазТрансГаз Аймак"

EGov.kz порталындағы осы жаңа қызметтің іске қосу үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Энергетика министрлігі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп жұмыс істеді.

Бұдан былай жеке тұлғалар өз үйлерінен шықпай-ақ электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, eGov.kz порталы арқылы газдандыру үшін техникалық шарттарды алуға өтінім бере алады. Техникалық шарттарды қарау және беру процесіне техникалық күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні және техникалық күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні кетеді.

EGov.kz порталында объектілерді және тұрғын үйлерді газдандыру үшін техникалық шарттарды алу үшін азаматтарға бар болғаны бірнеше қарапайым әрекеттерді жасау керек: 

1.              eGov.kz порталында жеке тіркеуден өту;

2.              Байланыс телефонын және электронды почтаны көрсету;

3.              Тұрғылықты мекенжайды таңдау;

4.              Газдандыру объектісінің мекенжайын таңдау;

5.              Техпаспорттың скан көшірмесін қоса тіркеу;

6.              Газдандыру объектісі бойынша деректерді көрсету;

7.              ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою;

8.              Техникалық шарттардың берілетіні немесе берілмейтіні туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жауабын күту.

Бұл жаңа қызмет азаматтардың уақытын үнемдейді, бұрынғыдай  кеңселерге бару мен қағаз құжаттарын толтырудың қажеті болмайды. Онлайн-сервис сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйлер мен объектілерді газдандырудың қолжетімділігін жақсартуға ықпал етеді.

– «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газдандыру процестерін тұрғындар үшін қарапайым әрі қолжетімді ету жолын үнемі қарастырып келеді. EGov.kz порталындағы жаңа қызмет біздің тұтынушыларымызға жайлы және тиімді боларына сенімдіміз, –  деп атап өтті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
09 October
08 October
07 October