В Усть-Каменогорске более 130 школьных классов перевели на дистанционку из-за всплеска заболеваемости

Қызылорда қаласында  кинологиялық есеп топтарына сертификациялау сынағы өткізілуде

15 Oct 2023, 18:34
1 mins read
1591
Қызылорда қаласында  кинологиялық есеп топтарына  сертификациялау сынағы өткізілуде
Қызылорда облысы ТЖД

 

 

Қызылорда қаласында  кинологиялық есеп топтарына

сертификациялау сынағы өткізілуде

 

 

Құтқарушылар күні қарсаңында Жедел құтқару жасағының кинологиялық есептоптары арасында 2023 жылғы 12-13 қазан аралығында сертификациялық сынақ өткізілуде. Сынаққа 2 кинологиялық есеп - 4 құтқарушы ит қатыстырылуда.   Аталған іс-шараға Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Б. Әбдіқадыров арнайы қатысып, кинологтарға сәттілік тіледі.

Сынақтың алғашқы күні голден редривер тұқымдас «Шанель» және «Коди», неміс овчаркасы «Спартак», бельгиялық овчарка «Яра» атты қызметтік иттердіңбұйрықты орындау және шапшаңдылығы тексерілді.

Екі күнге жалғасқан сынақ барысында қызметтік иттер табиғи ортада, қираған ғимараттарда, құрылыстардың үйінділері ортасында іздестіру-құтқару кезеңдері бойынша тапсырмаларды орындады. Сынақ соңында тапсырмаларды мінсіз орындаған кинологиялық есептопқа сертификаттар табысталатын болады. Яғни,  ендігі жерде аталмыш  құтқарушы иттер төтенше жағдай кезіндегі кез-келген іздестіру-құтқару операцияларына қатыса алатын болады.

 

Қызылорда облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық-

құтқару жұмыстары қызметі

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
14 October
13 October