Новости

Түркістанда омыртқа ауруларын емдеудің жаңа кезеңі басталды

04 Feb, 12:27
1 mins read
401
Түркістанда омыртқа ауруларын емдеудің жаңа кезеңі басталды
МӘМС

Түркістан қалалық орталық ауруханасында заманауи жоғары технологиялық медициналық көмектің маңызды түрлерінің бірі – вертебропластика отасы алғаш рет сәтті жүзеге асырылды. Бұл әдіс омыртқа ауруларын емдеуде кеңінен қолданылатын, аз инвазивті әрі жоғары тиімді оталардың қатарына жатады.

Вертебропластиканың негізгі ерекшелігі – зақымданған омыртқа денесіне арнайы сүйектік цемент енгізу арқылы оның беріктігін арттыру. Нәтижесінде омыртқаның тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, әрі қарай сыну қаупі төмендейді. Сонымен қатар, науқастың ауырсынуы айтарлықтай азайып, қозғалыс белсенділігі қысқа уақыт ішінде қалпына келеді.

Аталған ота:

омыртқа сынулары кезінде;

қатерлі және қатерсіз ісіктерде;

метастазалық зақымдануларда;

патологиялық сынуларда тиімді қолданылады.

Қазіргі таңда Түркістан қалалық орталық ауруханасында вертебропластика отасы 5 науқасқа жасалды. Атап айтқанда:

3 науқас – құлау салдарынан омыртқа жарақатын алған;

1науқас – диффузды остеопороз диагнозымен;

1науқас – омыртқаның метастазалық зақымдануы және патологиялық сынуымен түскен.

Барлық оталар аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің білікті мамандары тарапынан жоғары кәсібилікпен орындалды.

Отадан кейінгі нәтижелер де көңіл қуантады: науқастар 2 сағаттан кейін өздігінен қозғалып, жеңіл физикалық оңалту шараларын бастаған. Бұл әдістің тиімділігі мен қауіпсіздігі осылайша тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр.

Айта кету керек, вертебропластика оталары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында пациенттер үшін тегін жүргізіледі. Бұл – өңір тұрғындары үшін жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі.

a0ffde3f-c8d0-4c77-8894-07b15b0cfce2.webp

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
10 February