Россия пока не подтвердила финансирование строительства ТЭЦ в Казахстане

Ашық есік күнінде МӘМС-тегі өзгерістер түсіндірілді

04 Dec, 07:04
1 mins read
1021
Ашық есік күнінде МӘМС-тегі өзгерістер түсіндірілді
МӘМС

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы мен Түркістан қалалық емханасының бірлескен ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында мамандар тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жаңғырту шеңберінде 2026 жылдан бастап енгізілетін өзгерістер туралы түсіндірме берді.

Шараға келген тұрғындар учаскелік және бейінді дәрігерлердің қабылдауынан өтіп, қажетті тексерулер мен ем-шараларын алды.

2026 жылдың қаңтарынан бастап скринингтік зерттеулер МӘМС пакетінің құрамынан ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) пакетіне ауыстырылуы – жүйені жаңғыртудың маңызды бөлігі. Бұл өзгеріс бүкіл халыққа жатыр мойны обыры, сүт безі обыры, колоректальды қатерлі ісік, артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, глаукома және вирустық гепатит сияқты ауруларды алдын ала анықтау қызметтерін тегін алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, D және E санаттарына жататын тұлғалар, сондай-ақ ресми тіркелген жұмыссыздар медициналық қызметтерді жергілікті атқарушы органдар есебінен пайдалана алады. Бұл топтар үшін жарналар азаматтардың медициналық көмекке жүгінуіне қарай жергілікті әкімдіктер тарапынан төленеді.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
26 December
25 December