

Аталған факт Талдықорған қаласында тіркелді, онда жергілікті полицейлерге өзінің «Mercedes-Benz» автокөлігін белгісіз біреулер айдап кеткені туралы 27 жастағы әйел арызданды. Белгілі болғандай, «Самал» ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында тұрған иномарканы, сигнализациясы барына қарамастан, ұрлап кеткен.
Жедел іс-шара барысында, аталған автокөлік бір сағат ішінде қаланың шетінен табылды. Көлік ұрлады деген күдікпен полицейлер бұрын тәртіп сақшыларының назарына ілікпеген 22 жастағы жігітті ұстады.
Автокөлік заңды иесіне қайтарылды. Көлік ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталғанға қатысты «Ешқайда кетпеу» бұлтартпау шарасы таңдалды.