Экспорт и высокий спрос: в Минсельхозе объяснили рост цен на баранину

Жетісуда жол қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша автошеру өтті

08 Dec 2023, 12:59
1 mins read
965
Жетісуда жол қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша автошеру өтті
ДП области Жетісу

Құқық қорғау органдарын өртке қарсы және медициналық қызмет қызметкерлері, ауылшаруашылық қожалықтарының иелері, сондай-ақ автокөлік жүргізушілері мен қоғам белсенділері қолдады. Акцияға қатысушылар ҚР Жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолдарда қырағылық танытуға шақыратын баннерлер дайындады. Қатысушылар жол қауіпсіздігі мәселесіне халықтың назарын аударуға тырысты.Акция республикалық трасса мен елді мекендер бойынша автошеруді қамтыды. 40-тан астам автокөлік иелері колоннаға қосылды. Профилактикалық автошеру маршрутының жалпы ұзындығы 108 км құрады. Шеру барысында автокөлік жүргізушілері арасында тақырыпқа қатысты кеңес беру және үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Құрметті көлік жүргізушілері, жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және жолда қауіпсіз жүруге шақырамыз. Сақ және мұқият болыңыз. Қауіпсіздік әрқашан жолдағы мінез-құлық мәдениетіне байланысты. Ол әрқайсымыздан басталады. Есіңізде болсын, өмір адамға бір-ақ рет беріледі және өзіміз үшін ғана емес, туыстар мен жақындарымыздың, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі үшін де жауаптымыз.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Today

Last News

Yesterday