«Балалық арманын орындады»: «Бастау» түлегі Алматы облысында стоматологиялық кабинет ашты

Алматы облысының Іле ауданында «Бастау Бизнес» жобасының түлегі Бота Бүркітбаева мемлекеттік қолдаудың арқасында стоматологиялық кабинет ашты. Жеке кәсібін бастағанға дейін ол аудан орталығындағы емха...

Алматы облысының Іле ауданында «Бастау Бизнес» жобасының түлегі Бота Бүркітбаева мемлекеттік қолдаудың арқасында стоматологиялық кабинет ашты. Жеке кәсібін бастағанға дейін ол аудан орталығындағы емханалардың бірінде стоматолог болып жұмыс істеді.

«2019 жылы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алып шықтым. Бизнес-жобаны таңдау кезінде бірден стоматологиялық кабинет ашу туралы ойымды айттым. Бала кезімнен стоматолог болуды және өз клиникамды ашуды армандайтынмын. Берілген грант пен несиенің арқасында жобамды іске асырдым», – дейді кәсіпкер.

Стоматологиялық қызметке мемлекеттік тапсырыс бөлініп, субсидия берілетіндіктен халықтың жекелеген әлеуметтік топтары стоматологиялық көмекті тегін ала алады, ал кәсіпкер өз шығындарын мемлекеттік атаулы көмек есебінен өтейді.

Бота грант ұтып алып, стоматологиялық кабинетке арналған жабдықты сатып алуға "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-нан 6 млн теңге көлемінде несие алды. Осылайша, ол өз кабинетін қажетті жабдықтармен жабдықтап, аудан тұрғындарына қызмет көрсете алды.

Бүгінгі таңда стоматологиялық кабинетте 15-тен астам қызмет түрі бар және үш адам жұмыс істейді. Биыл кәсіпкер ғимарат ішіне жөндеу жүргізіп, жетіспейтін жабдықтарды сатып алуды, сондай-ақ кәсіби құзыреттілігін арттыруды жоспарлап отыр.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, жыл басынан бері "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде "Бастау Бизнес" кәсіпкерлік негіздеріне жоба бойынша 3,1 мыңнан аса жұмыссыз және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер оқытылды. Өткен жылдары аяқтағандарды ескере отырып, жоба бойынша оқытылғандардың ішінен 1300-ден астам бизнес-жоба мемлекеттік бағдарламалар бойынша гранттық қаржыландыру мен жеңілдетілген несие алды.

334