Казахстан не разрешил России ввезти в страну более 500 тонн пшеницы

Берланга Канелоны үлкен спорттан шығара ма?

13 Sep, 06:22
1 mins read
519
Берланга Канелоны үлкен спорттан шығара ма?

Спорт әлемі күз маусымындағы ең қызықты жекпе-жекті күтіп отыр. 2024 жылдың 15 қыркүйегінде екінші орта салмақтағы біріккен чемпион, мексикалық Сауль «Канело»Альварес пуэрто-риколық Эдгар Берлангамен кездеседі. Бұл жекпе-жек екі боксшы үшін де күрделі сынақ болмақ, ал көрермендерге есте қаларлық әсер сыйлайды. 

Лас-Вегаста өтетін бұл жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы Астана уақыты бойынша таңғы сағат 06:00-ден бастаптікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, 27 жастағы пуэрто-риколық перспективалы боксшы Эдгар Берланга екінші орта салмақтағы боксшылар арасында болашағынан көп үміт күттіреді. Ол абсолютті әлем чемпионы үшін ең тартымды қарсылас деп танылуда. Эдгар Берланга: «Осы жекпе-жекте Канелоны зейнетке шығаруға бар күшімді жұмсаймын», – деп мәлімдеген болатын. Бұл туралы Sports.kz сайты Fightnews.info порталына сілтеме жасай отырып хабарлады. 

34 жастағы Сауль Альварес WBC/WBA/WBO нұсқалары бойынша супер орта салмақтағы (76,2 килограмға дейін) үш белдікке ие. Сондықтан да болар, көптеген спорт сарапшылары бұл жекпе-жекке «тәжірибе мен жастықтың айқасы» деген баға беруде. 

«Хабар» арнасы ұсынған тартысты текетіресті жіберіп алмаңыздар!

/category/news
Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

17 September
16 September