Бизнес-омбудсмен Жетісу облысының кәсіпкерлерімен кездесті

Талдықорғанға жұмыс сапарымен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов келді.

Фото: НПП Области Жетісу

Бизнес-омбудсмен Жетісу облысының кәсіпкерлерімен кездесті

Талдықорғанға жұмыс сапарымен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов келді.

Бизнес-омбудсменнің кездесуі кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаевтың қатысуымен Жетісу облысы «Атамекен» ӨКП ғимаратында кәсіпкерлерді жеке қабылдаудан басталды. Өңір кәсіпкерлері құқықтарының бұзылуы және жүйелі проблемалар бойынша бизнес-омбудсменге тікелей жүгіне алды. Кәсіпкерлер өздері жиі кездесетін өзекті мәселелерді көтерді. Көбінесе, олар жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттеріне қатысты.

Атап айтқанда, «Қайнар-АКБ» ЖШС Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жеке кәсіпкерлермен өзара есеп айырысуы бойынша қозғалған қылмыстық іс және жоспардан тыс тексерулеріне қатысты жүгінді.

01.01.2017 жылдан бастап 31.12.2021 жыл аралығындағы кезеңде пайдаланылған аккумуляторлар және аккумуляторлық батареялардың қалдықтары мен сынықтарын жеткізетін жеке кәсіпкерлермен өзара есеп айырысу тексеру үшін негіз болған.

Айта кету керек, жарамсыз батареяларды қайта өңдеуге және олардан жаңа батареялар өндіруге болады. Осыған байланысты жеткізушілерден батареяларды қабылдау жалғаса бермек. Алайда, жеке кәсіпкерлерге қатысты қарсы тексерулер барысында МКД өкілдері берген қорытындыда ЖК-ның активтері, ғимараттары, көлік құралдары, материалдық және еңбек ресурстары болмауы тексеру жүргізуге негіз болды делінген.

- Қазір жауап беру қиын. Бұл мәселе мұқият талдауды қажет етеді. Біз бұл мәселені республикалық деңгейде көтереміз, - деді Рустам Жүрсінов. Бизнес-омбудсмен және «Атамекен» өкілі бұл мәселені жеке бақылауға алып, оны облыс прокурорымен талқылайтын болды.

«Ақ-Бұлақ продукт» ЖШС сүт жеткізу бойынша мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы проблемалық сұрақпен жүгінді.

Белгілі болғандай, жасалған шарттардың талаптары бойынша ЖК Сарқан және Ақсу аудандарының тұрғындарынан сүт сатып алу жолымен, шикізат-сүт қабылдау шарттары негізінде «Ақ-бұлақ продукт» ЖШС-не қаймағы алынбаған сүт жеткізеді. Бұл жағдайды Сарқан және Ақсу аудандары кенттерінің тұрғындары толық растап отыр, олар соңғы 10 жыл ішінде қаймағы алынбаған сүтті ЖК арқылы Сарқан май сыр зауытына, яғни «Ақ бұлақ продукт» ЖШС-не тапсыратынын айтты. 

Ал «Ақ-бұлақ продукт» ЖШС, өз кезегінде, жеткізушімен жасалған шартты орындау үшін жеткізушіден тапсырыс берушіге дейін қаймағы алынбаған сүтті жеткізу үшін сүт тасымалдайтын көлікті ұсынады. Яғни, олар шарттардың барлық талаптарын орындайды.

Алайда, Сарқан ауданы бойынша МКБ РММ баяндалған мән-жайларға байланысты сотқа жүгінді, онымен «Ақ-Бұлақ продукт» ЖШС келіспейді.

Мәмілені жарамсыз деп тану жөніндегі іс материалдарының апелляциялық сатыдағы сотта екенін ескере отырып, бизнес-омбудсмен облыстың Кәсіпкерлер палатасына осы азаматтық істе кәсіпкердің өкілі ретінде бірге жүруді және одан әрі зерделеу үшін, уәкілетті органдарға беру үшін материалдар дайындауды тапсырды. Сондай-ақ, бұл мәселе облыс әкімі мен МКД назарына жеткізіледі.

Алматы облысында ТЖ режимі кезінде Құқықтық тәртіп күштерін тамақпен қамтамасыз етіп, ұсынған қызметі үшін төлем алмаған кәсіпкерлердің қоғамдық тамақтану саласындағы проблемалары да бизнес-омбудсменнің жеке бақылауына алынды.

Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлер «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» ММ жиналысына шақырылып, нәтижесінде олар террористік қауіп-қатер жойылғанға дейінгі мерзімге құқықтық тәртіп күштерін тамақтандыруды қамтамасыз ететіні туралы ауызша келісім жасалды. Кепілдік хаты берілді, онда тамақтану шығындарын төлеуге уәде етілген болатын. Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялық даму басқармасы 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін төлеуге уәде берді. Алайда, әкімдік тарапынан ешқандай төлем жүргізілген жоқ.

- Мәселе мынада, кәсіпкерлер сол кездегі Алматы облысы әкімдігінің өтінішін орындады. Қазіргі уақытта облыс бюджеті бөлінді. Шағын бизнес үшін, әсіресе қоғамдық тамақтандыру саласында мұндай шығын орны толмас шығын. Қазір кәсіпкерлер банкротқа ұшырау алдында тұр. Облыс басшылары өз өңірінде кәсіпкерліктің дамуына мүдделі болуы керек деп санаймын. Сондықтан бизнеске көмектесу қажет, - деді Рустам Жүрсінов.

Сондай-ақ, Ескелді ауданы, Балпық би кентіндегі жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға қатысты мәселе қаралды.

Ескелді ауданы әкімдігінің қаулысымен жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау, оның ішінде сатып алу арқылы 31.12.2020 жылы іске асырылуы тиіс болатын, кейін мерзімі 31.12.2022 жылға өзгертілді.