

Жетісу облысының полицейлері табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-қимылдарды күшейтті. Соңғы он күн ішінде Жетісу өңірінде жергілікті су қоймаларынан заңсыз балық аулау және тыйым салынған дараталшық торларын пайдалануға байланысты 82 бұзушылық тіркелді.
Бұл жұмыстар «Браконьер» профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілуде. Облыстың барлық аумағында полицейлер мен өңірлік Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы қызметкерлерінен тұратын арнайы топтар аралап жүр. 82 заң бұзушылық анықталып, 280 келіден астам әртүрлі балық түрлері мен ұзындығы 3000 метрге жуық балық аулауға тыйым салынған аулар тәркіленді. Сотта 5 материал қаралуда. 1 қылмыстық іс қозғалды», – деді табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.
Браконьерліктің соңғы фактісі Сарқан ауданында тіркелді, онда Балқаш көлінде Төлебаев ауылының 48 жастағы тұрғыны ұсталды. 70 келіден астам балық аулап үлгерген ер адам тыйым салынған дараталшық торларын қолданған. Мемлекетке келтірілген залал шамамен 400 мың теңгені құрады. Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 335-бабына сәйкес (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) жүргізіледі.
Табиғатты қорғау полициясы «Браконьер» республикалық профилактикалық іс-шарасы елімізде 13 наурызға дейін жалғасатынын атап өтті.