Более 65 млн тенге недопоступило в бюджет по вине руководителя инспекции транспортного контроля ВКО

Жетісуда ұрлық саны төрттен бір бөлікке азайды

11 Apr, 18:22
2 mins read
204
Жетісуда ұрлық саны төрттен бір бөлікке азайды
ДП области Жетісу

Жетісуда тіркелген ұрлықтардың саны 25,7%-ға төмендеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыстық криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Серік Демейов мәлімдеді.

– Мүлікке қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрестің маңызды бағыттарының бірі ұрлықтың алдын алу, жолын кесу және ашу болып табылады. Егер өткен жылдың осы кезеңінде 339 бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі тіркелсе, осы жылдың басынан бастап – 252 тіркелді, оның ішінде 86 пәтер ұрлығы, 61 ұялы телефон және 10 автокөлік ұрлығы. Бұл ретте, «ауыр» санаттағы ұрлықтардың саны екі еседен астамға, яғни 128-ден 58-ге дейін төмендеді. Ағымдағы жылы облыс жедел уәкілдері 157 адам мен екі қылмыстық топты ұстады, – деп атап өтті С. Демейов.

Спикер бөтеннің мүлкін ұрлаудан басқа, журналистердің назарын мал ұрлығының ашылуы 5,3%-ға жақсарғанына аударды. Жыл басынан бері барлығы 17 мал ұрысы ұсталды.

– Біздің талдауымызға сәйкес, мал ұрлығының жартысынан көбі қожайындардың өз малдарына деген немқұрайлылығынан болады. Көбінесе ұрлық қорғалмаған және техникалық жағынан қамтамасыз етілмеген малды ұстау орындарынан, сондай-ақ бақылаусыз мал жаю кезінде жасалады. Мал ұрлығының ашылуына кедергі жасайтын факторлардың бірі ол – мал жоғалғаннан кейін көпшілігі жануарларды өз күшімен іздеуге тырысады. Таба алмай, «алтын» уақытты іздеуге жұмсаған мал иелері кейін полицияға арызбен жүгінеді. Мұндай жағдайларда қылмысты «ізін суытпай» ашу мүмкіндігі бірнеше есе төмендейді. Құрметті мал иелері, сіздің мүдделеріңіздің басымдығы ол – жеке мүлкіңізді, атап айтқанда мал басын сақтау. Полиция қаржылық шығындарды қажет етпейтін бірнеше ережелерді ұстануға кеңес береді: малды таврациялау, жылқыларға төлқұжат алу, мал қорасын жақсы нығайту, жарықтандыруды орнату және басқа адамдардан малды қорғау үшін мүмкіндігінше бейнебақылау камераларын орнату, малды ұзақ уақыт қараусыз қалдырмау, жайылымда ұжымдық мал жаюды ұйымдастыру қажет. Егер де малдарыңыз жоғалған жағдайда оқиға туралы «102» арнасына қоңырау шалып полиция қызметкерлеріне дереу хабарлаңыз. Сонымен қатар, қылмыстың іздерін – бұзылған жерлерді, қылмыскерлердің аяқ киім іздерін, қылмыс құралдарын, бөтен көліктердің дөңгелектерінің іздерін және т.б. сақтау қажет, – деп түйіндеді С. Демейов.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

30 April
29 April