

«Талдықорған-Текелі» тас жолының 17 шақырымында заңсыз жүк тиелген көлік тоқтатылды. Құқық бұзушыны табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп ұстады.
«Mercedes-Benz» жүк көлігін облыс орталығының 57 жастағы тұрғыны басқарған, ол 350 келіге жуық балық түрлерін (жайын балығы, ақтабан балығы, мөңке балығы, сазан балығы) тасымалдаған.
«Ер адам тиелген жүкке қандай да бір құжаттарды бере алмады. Келтірілген шығын 1 028 634 теңгені құрады. Заңсыз ауланған балық тәркіленіп, сату үшін қабылдау пунктіне өткізілді, одан әрі жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады», – деді Жетісу облысы ПД табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.
Факт бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылдау және құқық бұзушыны жауапқа тарту үшін жиналған материал балық шаруашылығы инспекциясына жіберілді.