Какая погода будет в феврале в Казахстане

Жол сапасы орталығы автожол саласына жастарды тартуда

17 Jun 2022, 13:45
3 mins read
977
Жол сапасы орталығы автожол саласына жастарды тартуда

3,5 мыңнан астам мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстары өткізілді, – деп хабарлайды ҚР ИИДМ «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК.

«Бүгінгі таңда автожол саласындағы өзекті мәселе білікті мамандардың жетіспеушілігі болып отыр. Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жүргізген сараптама бойынша, Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен бөлімдеріндегі барлық қызметкерлердің тек 10% - ның ғана автожол саласы мамандығы бойынша дипломдары бар екені анықталды. Жол қызметкерлерінің жетіспеушілігі туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ да растап отыр. Олардың мәліметтері бойынша, Қазақстанда жол жұмысшылары ең көп сұранысқа ие екен, - делінген Жол сапасы орталығы таратқан ақпаратта.

Осыған орай, 2019 жылы ашылған ҚР ИИДМ «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін жастармен үгіт-насихат, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге білікті, бәсекеге қабілетті мамандар қажет екенін үнемі айтып келеді. 2020 жылдан бастап біздің орталық осы бағытта белсенді жұмыс жүргізе бастады. Екі жыл бұрын біз "1000 мектеп" акциясы аясында мектептерді қамтыдық. Бірақ биыл біз іздеу ауқымын ұлғайтып, жыл соңына дейін кәсіптік бағдар беру жұмысымен 2000 мектепті қамтуды жоспарлап отырмыз. Біз тіпті еліміздің ең шалғай ауылдарына да барып кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргіземіз. Үлкен тәжірибесі бар мамандарымыз өз кәсібінің артықшылықтары туралы оқушыларға айтып береді. Болашақ мектеп бітірушілердің алдында қиын таңдау тұр, оларға дұрыс бағыт беруге көмектескіміз келеді», - дейді Бас директордың орынбасары Арман Қайырбеков.

Орталық ақпаратына сәйкес, үш жылдың қорытындысы бойынша орталық қызметкерлерімен 3 560 мектеп қамтылған (2020 ж. – 1153 мектеп, 2021 ж. – 1389 мектеп, 2022 ж. – 1018 мектеп). Бұл акция еліміздің әр өңірінде өткізілді.

Сондай-ақ, жол сапасы Орталығының қызметкерлері жол саласының мамандықтарын таңдаған студенттермен де жұмыс істейді. А. Қайырбеков айтып өткендей, студенттерді ЖОО-да жүрген кезеңде практикалық жұмысқа тарту саланы жас, диплом алған мамандардың ағынымен қамтамасыз етуі тиіс.

Орталық жыл сайын студенттерді ақылы өндірістік тәжірибеден өтуге шақырады. Мәселен, бүгінгі таңда Жол активтері сапасының ұлттық орталығында 92 студент практикадан өтті. Олардың 9-ы қазіргі уақытта жас маман ретінде Орталыққа жұмысқа орналастырылды.

"Жоғары білім алу, ол білікті мамандарды даярлап қана қоймай, түлектердің кепілді түрде жұмысқа орналасуына жол салу. Ол үшін оқу орындары мен кәсіпорындар арасында тығыз өзара байланыс қажет". Қазақстан Республикасы Президентінің осы сөзіне сүйене отырып, 2021 жылғы 16 тамызда ҚР ИИДМ «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК мен «Назарбаев Университеті» ДБҰ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Оның мақсаты - цифрландыру, автоматтандыру, инновацияларды енгізу есебінен жолдарды жобалау, салу, күтіп-ұстау және зерттеу, сондай-ақ олардың сапасын арттыру болып табылады және материалтанудың дамуы.

«Меморандумды іске асыру аясында 2021 жылы сапа орталығында Назарбаев Университетінің жеті студенті ақылы тәжірибеден өтті. Бұдан басқа, үш түлекпен Smart Road Diagnostic System (SRDS) жол жабынының Автоматты ақау жүйесін әзірлеуге және оны жылжымалы жол зертханаларымен біріктіруге еңбек шарты жасалды», - деп түсіндірді Арман Қайырбеков.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

17 April
16 April