Петиция с требованием оставить НДС на уровне 12% собрала необходимые 50 подписей

Түркістан облысы тұрғындарының 83 пайыздан астамы МӘМС жүйесімен қамтылған

Yesterday, 14:40
1 mins read
159
Түркістан облысы тұрғындарының 83 пайыздан астамы МӘМС жүйесімен қамтылған
МӘМС

Елімізде 2027 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың сақтандыру моделіне көшу басталады. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

"Бұл модельдің ерекшелігі – қызметтердің басым бөлігі азаматтар, жұмыс берушілер және мемлекеттің жарналары мен аударымдары есебінен қаржыландырылатын болады: 65% – МӘМС жүйесі арқылы, 35% – республикалық бюджет есебінен. Мақсат – халықтың 90%-ын МӘМС жүйесімен қамту және жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Келер жылдан Бірыңғай медициналық көмек пакеті енгізіледі. Қазіргі таңда облыстағы тұрғындардың 83,1%-ы МӘМС жүйесімен қамтылған. Сақтандырылған мәртебе 6 ай бойы сақталады. Енді МӘМС жүйесіне кемінде 5 жыл тұрақты жарна төлеген азаматтар төлемді уақытша тоқтатқан күннің өзінде 6 ай бойы сақтандырылған мәртебесін сақтап қалады"-деді сала басшысы.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday