Минимальная зарплата в Казахстане: какие варианты повышения обсуждают на 2027 год

Полицейлер Талдықорғандағы «Жедел жәрдем» қызметіндегі әйел-дәрігерлер мен әйел-такси жүргізушілерді 8 наурыз мейрамымен құттықтады

07 Mar 2023, 15:17
1 mins read
1322
Полицейлер Талдықорғандағы «Жедел жәрдем» қызметіндегі әйел-дәрігерлер мен әйел-такси жүргізушілерді 8 наурыз мейрамымен құттықтады

Облыстық департаменттің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жедел медициналық көмек фельдшерлерін және әйел-такси жүргізушілерін құттықтады.

 

«Біз үлкен құрметке лайық әйелдерге жағымды тосын сый жасауды шештік. Олардың сыртқы келбеті әлсіз және нәзік көрінгенімен, ер әріптестерінен қалыспай жұмыс істейді. Мәселен, дәрігерлер ауа-райының қолайсыздығына және тәулік уақытына қарамастан трассада зардап шеккендерге қолғабыс етіп, көмек көрсетеді. Ал, әйел-такси жүргізушілеріне қатысты мен олардың түбегейлі заңға бағынуын және патрульдік полицейлердің жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтауға көмек көрсетітінін атап өткім келеді», – деді ПД ЖПҚБ ППБ командирінің м.а. Абылай Беркендіков.

 

Жетісу облысы патрульдік  полиция қызметкерлері өңірдің барлық полицейлерінің атынан сүйкімді ханымдарды 8 наурыз мейрамымен құттықтап, ізгі тілектерін білдіре отырып,  әрқайсысына гүл шоқтары мен тәттілер табыс етті.

 

«Сондай сүп-сүйкімді және мейірімді, жанашыр, нәзік жан болып қала беріңіздер. Әрқашан ажарлы, әдемі және сүйікті де бақытты болыңыздар», – деп тіледі полиция қызметкерлері.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
14 September