

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шара барысында өңірдің автожолдарында автокөлікті басқару кезінде ішімдік ішкен 20 жүргізуші ұсталды.
Іс-шара үш күн өтті, нәтижесінде өңірде 1 900 түрлі құқық бұзушылық анықталды.
«Алкогольді ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 165 адамға айыппұл салынды, 67 азамат ұсақ бұзақылықпен ұсталды, 52-сі түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін жазаланды және т.б. Мереке күндері аймақ полициясы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті», – деп хабарлады облыс ПД ЖПҚБ.