В Казахстане консультации нотариусов будут доступны в онлайн формате через eGov Mobile

Жетісуда бір түннің ішінде екі жаяу жүргінші автокөлік дөңгелектерінің астында қаза тапты

08 Dec 2023, 11:37
1 mins read
886
Жетісуда бір түннің ішінде екі жаяу жүргінші автокөлік дөңгелектерінің астында қаза тапты
ДП области Жетісу

Панфилов ауданында «HILUX PICK UP» автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі «Қоңыролен-Сарытөбе» автожолымен келе жатып, 47 жастағы ер адамды қағып кетті. Ескелді ауданы Алдабергенов ауылында «MAZDA-626» дөңгелегінің астына 39 жастағы ер адам түсті. Екі жаяу жүргінші де алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Әрбір факті бойынша қылмыстық тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тиісті материалдарды жинай отырып, әр жол-көлік оқиғасы мұқият зерттеледі. Болған оқиғаны қатаң талдап, барлық жағдайлар мен себептер анықталатын болады. Полиция тағы да азаматтарды автожолдарда қырағылық танытып, ұқыпты болуға шақырады. Есіңізде болсын, жол ешқашан қателіктерді кешірмейді.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday

Last News

10 November