КМГ и ExxonMobil обсудили дальнейшую разработку Тенгиза после завершения контракта ТШО

Гараж жаңа өрт сөндіру техникасыментолықтырылды

15 Mar, 16:05
2 mins read
304
Гараж жаңа өрт сөндіру техникасыментолықтырылды
Қызылорда облысы ТЖД

Гараж жаңа өрт сөндіру техникасымен

толықтырылды

 

​2024 жылдың 15 наурызында Қызылорда қаласында «Тағзым» саябағында өрт сөндірушілерге арнайы техникалардың кілттерін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Салатанатты іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев, Қызылорда қаласының  әкімі С.Қожаниязов, «Өнеркәсіпті дамыту қоры»  АҚ басқарма төрағасы Р.Гаппаров, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Р.Қайрақбаев, сала ардагері, облыстың құрметті азаматы Қ.Қайруллаев қатысты.

​Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» РММ-де 95 бірлік өрт сөндіру техникасы бар, оның 56-сы - негізгі өрт сөндіру автомобильдері. Сондай-ақ 11 арнайы және 28 қосалқы көлік бар. Соңғы 3 жылда Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» РММ материалдық базасын нығайтуға бюджет есебінен 11 бірлік техника сатып алынды.

​Наурыз мерекесі қарсаңында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, 14 өрт сөндіру автокөлігімен толықтырылды. Жаңа өрт сөндіру автомашиналары заманауи жабдықтармен толық жабдықталған, 60 метр қашықтықта су беруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді және өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарына жауап береді. Сондай-ақ, «АЛ» - автосаты и «АСО» – байланыс және жарықтандыру автокөлігі сатып алынды. Жаңа құтқару техникалары төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, өрттерді ойдағыдай жоюға және азаматтардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

​Облыстық бюджеттер есебінен сатып алынған жаңа техниканы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев салтанатты түрде табыс етті. Астана қаласындағы «КАМАЗ-инжиниринг» АҚ зауытынан арнайы тапсырыс бойынша сатып алынған жаңа өрт сөндіру автомашиналары заманауи жабдықтармен толық жабдықталған. Автомобиль техникасының 1 бірлігінің құны – «АЦ» – 126 млн.теңге /12 бірлік/, автомобиль –«АЛ» – 247 млн. 60 мың теңге /1 бірлік/, автомобиль «АСО» – 136 млн. 234 мың теңге /1 бірлік/.

​Өрт сөндіру автокөліктерін сатып алу «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ лизингтік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды: Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен жергілікті бюджеттен «Негізгі өрт сөндіру автокөлігін сатып алу» қаржы лизингі жобасы бойынша «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы 84 ай мерзімге 7% сыйақы мөлшерлемесімен 14 бірлік техника сатып алынды. Лизингтің жалпы құны 1 895 294 000,00 теңге.

​- Азаматтық қорғау органдарының өкілдері төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі міндеттерді абыроймен орындауда. Бұл ретте мемлекет тарапынан оларды материалдық-техникалық жарақтандырумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа техника сіздердің қызметтік міндеттеріңізді сапалы орындауға ықпал ететініне сенімдімін. Сіздер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосып келесіздер, - деп атап өтті Қызылорда облысының әкімі Нәлібаев НұрлыбекМашбекұлы.

​Салтанатты іс-шара барысында қызмет барысында жоғары жетістікке жеткен құтқарушылар марапатталды.

​Құтқару құрал-жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды.

​Аталмыш іс-шараға  республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері де қатысып, сала өкілдерімен сұқбат ұйымдастырып, арнайы репортаждар әзірледі.

 

Қызылорда облысы ТЖД

 

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
26 April
25 April