Новости

Тәуелсіз елдің батыры

15 Dec 2023, 08:36
2 mins read
1408
Тәуелсіз елдің батыры
Қызылорда облысы ТЖД

“Тәуелсіздіктің төл құрдасы” айдарына

Тәуелсіз елдің батыры

Байтақ елде бейбітшілік байрағы желбіреген бұл күнді Байниязовтар әулеті жыл сайын асыға күтеді. Себебі осыдан 32 жыл бұрын қазақ елінің азаттығының таңы арайлап атқанда дүние есігін ашқандардың бірі - Байниязов Бейбіт. Азаматтық қорғау саласында 14 жылдан бері қажырлы еңбек етіп жүрген Тәуелсіздіктің төл құрдасы.

Ол 2009-2013 жылдар аралығында  Көкшетау техникалық институтын тәмамдап, халық қауіпсіздігі жолындағы қызметін бастаған.  Қызмет пен салауатты өмір салтын бірге ұстанған ол Өрт құтқару спортын жанына серік етіп, Ресей Федерациясы, Болгария мемлекеттерінде  болған әлем чемпионаттарында Қазақ елінің  намысын қорғады.  Бейбіт Болатұлы 2013-2016 аралығында Байқоңыр қаласы №8 өрт сөндіру бөлімінің  карауыл бастығынан бастап, бөлім бастығына дейінгі лауазымдарда қызметін абыроймен атқарды,  2016-2018 жылдары Қызылорда қаласы №6 өрт сөндіру бөлімі бастығының  орынбасары, 2018-2020 жылдары Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс  жағдайларында басқару орталығының жедел кезекшісі міндеттерін мінсіз орындады.

2020-2021 жылдары Қармақшы ауданы №10 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, 2021-2022 жылдары Күштер мен құралдарды жедел баскару орталығының бас маманы, 2022-2023 жұмылдыру жұмыстары тобының бас маманы лауазымында қызмет етті,  2023 жылдан бастап Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісінің  орынбасары қызметін атқаруда.

Тәуелсіздікпен түйдей құрдас Бейбіт жастайынан өмірін халық қауіпсіздігімен байланыстырып, берген антына сай қалтқысыз қызмет етіп келеді. Кәсіби спортшы ғана емес  асқар тау - әке, аяулы жарының тірегі. Достық пен әріптестікті  жоғары бағалайтын азамат. Сөзімізді қорытындылай келе, Отанымыздың игілігі үшін аянбай, адал қызмет етіп жүрген  әрбір өрт сөндіруші-құтқарушы талай жасқа үлгі- өнеге.

Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday

Last News

10 November