Военного парада 7 и 9 мая в Казахстане не будет

Жетісудың Антикор басшысы өңірлік полицейлермен кездесті

12 Apr, 17:45
2 mins read
300
Жетісудың Антикор басшысы өңірлік полицейлермен кездесті
ДП области Жетісу

Антикор басшысы Жетісу өңірінің полицейлерімен кездесті. Кездесу барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Саян Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттары туралы айтты.

– Мемлекет басшысы атап өткендей, ІІМ құқық қорғау органдарының барлық құрылымдарының арасында ең маңызды функциялардың бірін жүзеге асырады. Қазіргі заманғы полицейлер үшін әлеуметтік қорғау мен материалдық қамтамасыз етуді нығайту үшін барлық жағдай жасалған, – деп атап өтті С.Ахметжанов.

Жұмыс кездесуі барысында полицейлерге жемқорлық әрекеттерінен алдын алуға арналған профилактикалық сипаттағы бейнероликтер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытындағы новеллалар туралы айтылды.

– Біздің басты міндетіміз – халық пен мемлекеттің игілігі үшін қызмет ету. Қазір елімізбен ведомство басшылығы ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысы үшін барлық жағдай жасауда, сондықтан оларға тек жұмысқа ғана емес, сонымен қатар қызметте де, тұрмыста да тәртіпті қатаң сақтауға қатысты жоғары талаптар қойылады. Заңдылықты сақтау және тәртіпті нығайту мәселесі ерекше бақылауда, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД бастығы Сарқытбай Құсаинов.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде облыстық департамент басшылығы жеке құрам арасында қызметтік тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралардың барлығын қабылдайды. Ішкі істер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізу жандандырылды, оған офицерлер мен полиция жиналыстарының қызметін жетілдіру кіреді. 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында көзделген жоспарды іске асыру мақсатында бөлімше басшылары күнделікті жеке құраммен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, оның барысында полиция қызметкерлеріне бекітілген жоспардың мақсаттары мен міндеттері, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін санкцияларды қатаңдату жөніндегі шаралар және жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз ету туралы жеткізіледі.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

30 April
29 April